Дәнекерлеу технологиясы
Woridskills өңірлік чемпионатына «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша дайындық жүріп жатыр.Жетекшісі өндірістік оқу шебері Н.Әділханов.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері әкімшілік басқармасының басшысы “Қаржылық қауіпсіздік негіздері” атты тақырыбында кездесу және департамент жұмысы бойынша таныстырып, жұмысқа тарту бойынша сұхбат өткізді.
Маңғыстау техникалық колледжінің студенттеріне ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері әкімшілік басқармасының басшысы Букенова Акмаржан Жилкибаевна, ұйымдастыру — бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Баешов Берик Абдуллакимович “Қаржылық қауіпсіздік негіздері” атты тақырыбында кездесу және департамент жұмысы бойынша таныстырып, жұмысқа тарту бойынша сұхбат өткізді.
Бүгін колледж мейірбикесі А.Аманбаева «Нашақорлық — ғасыр дерті» тақырыбымен студенттерге дәріс оқыды.
Мақсаты- нашақорлық адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған,есірткінің зиянды екенін түсіндіре отырып,саналыққа ,салауатты өмірді таңдауға ,тазалыққа ,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Шара барысында студенттерге бейнеролик көрсетілді.#біртұтас_тәрбие
Бүгін бітіруші топ студенттері Маңғыстау аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы Ғ.М.Тайшаевпен кездесті.
Мақсаты-көктемгі әскерге шақыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу,әскери оқу орнындарына оқуға қабылдау бойынша бағыт, бағдар беру
Бүгін, 05.09.2024, «Адалдық сағаты» тақырыбында сабақ өтті.
«Адалдық сағатына «Заңғар асу» үкіметтік емес ұйымының төрайымы А.Дүйсенбаева қатысты. Кездесуде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелері , заң бұзушыларға қолданылатын жазалар туралы талқыланды. Жас студенттерге құқықтық сауаттылық, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтар берілді. Шарада студенттерге бейнеролик көрсетілді. #біртұтас_тәрбие #саналыұрпақ
«Өмірге «ИӘ» деп айт!»
Колледжімізде кеше 5-ақпан күні аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Өмірге «ИӘ» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндіктің ашылуы болып өтті. Білім алушыларды алдағы онкүндіктің жоспарымен психолог Г.Ермұханова таныстырып, колледждің Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Шанкенова іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды. Білім алушыларға сенім жәшігі жұмыс жасап тұрғандығы жөнінде айтылып өтті. Сонымен қатар психологиялық көмек қажет болған жағдайда колледж…
Бүгін психолог Г Ермұханова Т-04-24 тобы студенттеріне «Кел,танысайық»! тренинг өткізді.
Бүгін психолог Г Ермұханова Т-04-24 тобы студенттеріне «Кел,танысайық»! тренинг өткізді. Мақсаты- топтағы аураны,эмолиялық креативті көтеру ,көңіл күйлеріне ,білім алушылардың психологиялық ахуалын анықтау .Импульс және нейро жаттығуларын жасап , «Менің қадамдарым» сергіту сәті жүргізілді. Судентердің танысуы қызықты тренинг, түрлі ойындар түрінде өтті. Шарада жәй ғана танысу емес студенттер ұстаздары жоғары курстағы замандастары туралы жан -жақты мәлімет…
«Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаhандық құзыреттілік»
Ағымдағы жылдың 16-26 қыркүйек аралығында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаhандық құзыреттілік» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілуді. Курс мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының жаһандық құзыреттіліктер бойынша кәсіби деңгейін арттыру. Біліктілікті арттыру курсынан оқытушы Ж.Күзенбаев өтіп,сертификат иеленді.