ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ЕРЕЖЕСІНІҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

5 наурыз күні Маңғыстау техникалық колледжі педагогикалық құрам педагогтерді аттестаттау ережесінің өзгерістерін талқылады. Жаңа жобада өндірістен тәжірибелі мамандарды колледждерге тарту шарасы сақталған. Мысалы өндірістен арнайы пәндер оқытушысы лауазымына ауысқан педагогтарға тиісті еңбек өтілі болған кезде лауазымдық жалақының 35% — на дейінгі мөлшерде қосымша ақы төленеді. Жаңа жобада колледж бөлім меңгерушілерін қолдау мәселесі қамтылған. Жобада «оқытушы» лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты бөлім меңгерушісі лауазымына ауысқан кезде сақталады. Педагогикалық еңбек өтілі 30 және одан да көп барлық лауазымдағы педагогтер мен педагог-шеберлері біліктілік санатын растау кезінде ПББ тапсырудан босатылып, портфолио тапсыратыны құптарлық. Қалған санаттағы педагогтердің ПББ-дан өту дұрыс, өйткені педагог әр бес жыл сайын өз білімін жаңартып, деңгейін көтеруі қажет деп санаймыз. Жаңа жобада колледж бөлім меңгерушілерін қолдау мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ арнайы пән оқытушысы лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты өндірістік оқыту шебері, тиісті бейін бойынша аға шебер лауазымына ауысқан кезде сақталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *