Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің, буллингтің, кибербуллингтің және құқық бұзушылықтың алдын алу: тәжірибе,мәселелер және шешу жолдары» ақпан айындағы облыстық семинарға қатысқан ТЖО Б.Шанкенова мен психолог Г Ермұханова оқытушыларға семинар туралы ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді.Б.Шанкенова «Кәмелекетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу үшін жүргізелетін жұмыстар» туралы айтып өтіп, оқытушылардың сұрақтарына жауап берді. Психолог Г Ермұханова «Зорлық-зомбылықтың индикаторлары және педагогикалық -психологиялық көмек’ тақырыбымен хабарлама жасап, оқытушыларға тренинг өткізді. Семинар бойынша кері байланыс жұмысын Б.Шанкенова қортындылады.
Біздің сайтқа қош келдіңіз!