14 маусым күні Маңғыстау техникалық колледжінде «Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
құзыреттілігінен «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша бітіруші студенттерге арналған WorldSkills стандартына сай демонстрациялық емтихан өтті.
Демоемтихан тапсырмалары:
1-модуль – Автокөлікке диагностика,
2-модуль — Қозғалтқыш Volkswagen 1.6 (механикалық бөлім),
3-модуль – АБҚ(АКПП) Volkswagen (механикалық бөлім).
Студенттер практикалық жұмыстарды “Жас маман” жобасы бойынша заманауи жабдықталған шеберхана базасында, озық құралдар мен жабдықтарды пайдаланып орындады.
Түлектер 3 жыл ішінде алған білімдерін практикалық тапсырмалар орындау арқылы көрсетті, ал қорытынды аттестаттау CIS бағдарламасы арқылы бағаланды.
Осы мамандық бойынша өзін жүзеге асыруда барлық түлектерімізге биік шыңдар тілейміз!
#WorldSkills2024
#WorldSkillsAktau
#WorldSkillsKazakhstan
#talap #ТЖКБ #техникалықжәнекәсіптікбілім
#Біртұтас_тәрбие