1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніАтаулы мереке қарсаңында Маңғыстау ауданы бойынша “Ана махаббаты” қоғамдық қоры мен “Маңғыстау аудандық Жастар ресурсттық орталығы” КММ ұжымы бірлесе “Біз — бақытты баламыз” атты мерекелік кеш өткізді.Ауданымыз бойынша ерекше бүлдіршіндерімізге мерекелік қойылымдар мен ойындар өткізіліп, тәтті сыйлықтар табыс етілді. Құрметті балалар, достар, ата — аналар! Сіздерді бүгінгі 1 — маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балаларды қорғау дегеніміз — әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!#балапандар#бақытқа#лайықты#балалар#мереке
Біздің сайтқа қош келдіңіз!