Бүгін, 05.09.2024, «Адалдық сағаты» тақырыбында сабақ өтті.
«Адалдық сағатына «Заңғар асу» үкіметтік емес ұйымының төрайымы А.Дүйсенбаева қатысты. Кездесуде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелері , заң бұзушыларға қолданылатын жазалар туралы талқыланды. Жас студенттерге құқықтық сауаттылық, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтар берілді. Шарада студенттерге бейнеролик көрсетілді. #біртұтас_тәрбие #саналыұрпақ