Вакансия

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС!!!

«Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК, ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, 2024 жылдың 30.12-13.01 қаңтар аралығында қажетті мамандарға конкурс жариялайды. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріне, «Enbek.kz» және колледждің ресми сайтына https: https://shetpemtk.kz/жарияланады.

Еңбекақы мөлшері: біліміне, біліктілік санатына, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану оқытушысы

Лауазымдық міндеттері:

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Өндірістік оқыту шебері

Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді.

Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын тапсыруға дайындайды. Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі құжаттамаларды жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады. Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды, эталондарды дайындайды.

Оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озат педагогикалық және өндірістік тәжірибелерді қолданады.

Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ өндірістік оқыту шеберіне қойылатын талаптарға жауап береді, білім алушыларға берілетін кәсіптік біліктіліктің деңгейіне қарағанда едәуір жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екенін растайды, оқу-өндірістік процесті кешенді әдістемелік қамтамасыз ету міндеттерін белсенді түрде шеше біледі.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты өндірістік оқыту шеберіне қойылатын талаптарға жауап береді, әдістемелік комиссиялардың, секциялардың жұмысына тікелей қатысады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты өндірістік оқыту шеберіне қойылатын талаптарға жауап береді, кәсіптік оқудың жеке әдістемелерін әзірлей біледі, апробациялау жұмыстарын жүргізеді; озық тәжірибені жинақтайды, жаңа оқыту бағдарламалары мен технологияларын енгізуге қатысады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және аталған лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі маман: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі;

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын талаптарға жауап береді, білім алушыларға берілетін кәсіптік біліктіліктің деңгейіне қарағанда едәуір жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екенін растайды, оқу-өндірістік процесті кешенді әдістемелік қамтамасыз ету міндеттерін белсенді түрде шеше біледі.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап береді, әдістемелік комиссиялардың, секциялардың жұмысына тікелей қатысады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап береді, кәсіптік оқудың жеке әдістемелерін әзірлеуге қатысады, сынақтамадан өткізу жұмыстарын жүргізеді; озық тәжірибені жинақтайды, жаңа оқыту бағдарламалары мен технологияларын енгізуге қатысады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану оқытушысы

Лауазымдық міндеттері:

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсқа қатысатын педагогтарға қажетті құжаттар тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,

кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/

академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

Конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады.

Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды.

Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өтті деп есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.

Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.

Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін баяндайды, комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.

Әңгiмелесуге қатысқан, бiрақ тағайындауға ұсынылмаған кандидаттарды конкурстық комиссия кадр резервiне қоюды ұсынады.

Кадр резервінде болу мерзімі кадр резервіне алынған күннен бастап бір жылды құрайды.

Кадр резервіне енгізілген кандидаттар конкурс жарияланған кезде конкурстық комиссиямен әңгімелесу кезеңінен өтеді.

Конкурстың нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстың соңғы отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін немесе комиссияның оң қорытындысын алған кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.

Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидат еңбек шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, білім беру ұйымының басшысы конкурстық комиссия кадр резервіне ұсынған немесе қабылдауға ұсынылған педагогтен кейін ең жоғары балл жинаған кандидатпен еңбек шартын жасасады.

Егер конкурс нәтижесінде комиссия бос лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен танысады.

Кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шағым береді.

Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссия шешіміне жоғары тұрған органның апелляциялық комиссиясына немесе сот тәртібімен шағым жасайды.

Құжаттарды 2024 жылдың 30 желтоқсан- 2025 жылдың 06 қаңтар аралығында кадр меңгерушісі Кетешова Гулжихан Мухитовнаға (тел.8702 5646753) тапсыруларыңыз сұралады.

Хабарландыру!Конкурс!

Маңғыстау облысының білім басқармасының ,Маңғыстау техникалық колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»   тұрақты орынға басшының оқу ісі жөніндегі орынбасарын жұмысқа қабылдауға конкурс жариялайды.

    Конкурс өтетін орны: Маңғыстау техникалық колледжі,Шетпе-1,Т.Ерниязов көшесі , 1 ғимарат

Қабылдау уақыты: 21.05.2024ж бастап (сағат 9:00-ден – 17:00, түскі уақыт: 12:00-14:00), соңғы күні  28.05.2024ж. жылы сағат 17:00 дейін қабылданады.

Жауапты маман: Г.Кетешова

Байланыс телефоны: 87025646753

Эл почта: mtk _.shetpe@mail.ru

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес жасалды. Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткер конкурс жарияланғаннан бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап тапсырады.

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)  педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11 – қосымшаға сәйкес Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

     (11) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

12) Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

  Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.

    Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды.

Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.

Конкурстың нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстың соңғы отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК төмендегі қажеттілік бойынша  2024 жылдың 21. 05 күннен бастап ережеге сәйкес құжаттар қабылданады.

Хабарландыру !!!

    Маңғыстау техникалық колледжі  бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды. 

​Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

    Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды.

Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.

Конкурстың нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстың соңғы отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК төмендегі қажеттілік бойынша 26.03.2024 жылғы күннен бастап ережеге сәйкес құжаттар қабылданады.

Хабарландыру!Конкурс!

Маңғыстау облысының білім басқармасының ,Маңғыстау техникалық колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» Ғимараттарды, құрылыстарды салу және пайдалану»мамандығына 2 арнайы пән оқытушысын уақытша орынға жұмысқа қабылдауға конкурс жариялайды.

Конкурс өтетін орны: Маңғыстау техникалық колледжі,Шетпе-1,Т.Ерниязов көшесі , 1 ғимарат

Қабылдау уақыты: 23.01.2024ж бастап (сағат 9:00-ден – 17:00, түскі уақыт: 12:00-14:00), соңғы күні 30.01.2024ж. жылы сағат 17:00 дейін қабылданады.

Жауапты маман: Г.Кетешова

Байланыс телефоны: 87025646753

Эл почта: mtk _.shetpe@mail.ru

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес жасалды. Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткер конкурс жарияланғаннан бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап тапсырады.

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11 – қосымшаға сәйкес Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

(11) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

12) Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды.

Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.

Конкурстың нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстың соңғы отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК төмендегі қажеттілік бойынша 2024 жылдың 23.01. күннен бастап ережеге сәйкес құжаттар қабылданады:

«Ғимараттар, құрылыстарды салу және пайдалану «мамандығына арнайы пән оқытушысы мамандығына уақытша 2 бос орын .

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес жасалды. Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткер конкурс жарияланғаннан бастап 10 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап тапсырады.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11 – қосымшаға сәйкес Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
     (11) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
12) Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

 Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.
    Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.
Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды.
Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.
Конкурстың нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстың соңғы отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК төмендегі қажеттілік бойынша 26.12.2023 жылғы күннен бастап ережеге сәйкес құжаттар қабылданады.

Өндірістік оқу шебері(Токарь)

1 тұрақты орын

Өндірістік оқу шебері(Слесарь)