Маңғыстау техникалық колледжі қызметкерлерінің және оқытушылардың кәсіби этикасы мен ар намыс кодексі
1. Жалпы ережелер
1. Ар-намыс Кодексі колледж қызметкерлерінің және оқытушылардың қарым қатынасының қағидасын, ережесін және мінез-құлық нормасын қарастырады.
2. Ар-намыс Кодексі колледж құндылықтары, саясат, сапа саласы мақсатында құрастырылған
3. Оқытушы ар-намыс Кодексін сақтай отырып және оның принциптерін жүзеге асыруда колледждің жоғары адамгершіліктің, интеллектуалдық күштің үлгісіне айналуға, оның имиджінің және іскерлік беделінің артуына бар күш-жігерін салуы тиіс.
4. Ар-намыс Кодексінің Ережелері лауазымы мен жұмыс істеу мерзіміне қарамастан барлық оқытушылар үшін бірдей болып саналады.
5. Ар-намыс кодексі мәтіні колледж интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Ар-намыс Кодексі колледж әдістемелік кенеспен қарастырылған және шешім қабылданды.
2. Нормативті нұсқаулар
7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрі — Кодекс)
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж;
2. «Мемлекеттік қызмет туралы» 23 қараша 2015 ж. № 414-V ЗРК;
3. Қазақстан Республикасының Заңына «Білім туралы», 27 шілде 2007 года № 319-II
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 18 қараша 2015 ж. №410-V ЗРК;
5.Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады
1) адалдық:
Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата-аналардың, әріптестердің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;
2) әділдік:
Педагог әділдігі оның бағалау кызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке окушының, оның ата-анасының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;
3) өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу:
Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік танытады.
Білім беру процесін қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға мүлдем жол бермейді;
4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу:
педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбір ұлт мәдениетін ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарайды.
Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді;
Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкіндік туғызады;
5) кәсіби ынтымақтастық:
педагог мамандық мәртебесі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалім беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.
Педагог, қандай да бір дұрыс емес нәрселерді жасауға, өз әріптестерінің сеніміне нұқсан келтіруге, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмек беруге жәрдем көрсетеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;
6) үздіксіз кәсіби даму.
Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.
Педагогикалық әдептің негізгі нормалары
Педагог қызметкер өз қызметінде:
• білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
• Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
• өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
• өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
• еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
• білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
• сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
• қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
• өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
• өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:
• жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
• білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
• өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
• білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер
• жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
• баска педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.
Оқытушы ар-намыс Кодексінің қағидаларын іске асыру және бағытын ұстану үшін жауапкершілікті өзіне ала отырып, колледж жоғары адамгершілік, зияткерлік күштің үлгісіне айналуы және оның имиджі мен іскерлік беделін нығайтуға өз үлесін қосуы үшін барлық күш-жігерді жұмсауы тиіс.
Жарғыда және басқа да нормативтік-директивті құжаттарда қарастырылған ар-намыс кодексін, ережелерді бұзғаны үшін тәртіптік және әкімшілік жаза (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс) колледжден босатуға дейін қолданылады
3.3 Басшы және қызметкер арасындағы қарым-қатынас
3.3.1 Басшы міндетті:
— өзінің кәсіби және жалпы адамгершілік мінез-құлқымен қызметкерлерге үлгі болуға;
— өзінің мінез-құлық нормаларын іскерлік өзара қарым-қатынастың корпоративтік этикасының негізгі ережелеріне негіздеу.
— қызметкерлерді тұлға ретінде құрметтеу, олардың намысына нұқсан келтірмеу;
— қызметкерлері алдында өз қатесін түсіну және оларды сөкпеу;
— ұжымда сыйласымды және іскерлік ахуал қалыптастыруға.
Қызметкер міндетті:
— еңбек тәртібіне бағыну
— жұмыста болмаған себебі туралы басшыға уақтылы ақпарат беру
— колледж басшысының түрін, аты-жөнін білу
-кездескен жағдайда бірінші болып амандасу
— үй-жайларға кіргенде бірінші болып амандасу
Әріптестермен қарым-қатынас:
— бір-біріне сыйластықпен қарау;
— түсінбеушілік болған жағдайда міндетті түрде кешірім сұрау;
— басқа қызметкерлердің көзінше әріптестерді, басшыны сынамау;
— өсектерді таратпау
— жұмыс уақытында тек қана қызметтік міндеттемелерді орындау
— ұстамды болу, дөрекілік көрсетпеу
— әріптестерге көмек беру, білім және тәжірибемен бөлісу
Басты кәсіби міндеті ретінде жұмысқа деген қатынас,
— студенттерге үлгі болу;
— ғылыми-педагогикалық біліктіліктің жоғары деңгейін үнемі қолдап, құзыретті болу
— оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын әділ және шынайы бағалау
— колледждің ғылыми жетістіктерін арттыруға өз күші, білімі және тәжірибесімен бөлісу
— плагиатты қолданбау
— жарияланбаған дереккөздің құпиялығын сақтау.
Мәжіліс пен жиналыстарды өткізу
— жиналыс және мәжіліске уақытында келу;
— күн тәртібімен алдын ала танысып, қажетті материалдарды өзімен бірге ала келу;
— жиналыс және мәжіліс басталар алдында ұялы телефонды өшіру;
— отырыс болып жатқанда кіргенде және шыққанда айғайлап кешірім сұрамау;
— жеке мәселелерді шешу үшін жиналыс мінбесін қолданбау.
Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік
Ар-намыс кодексі барлық қызметкерлер және оқытушылар үшін тең дәрежедегі іс болып табылады.
Оқытушылар және қызметкерлер Ар-намыс кодексін білуі міндетті және өз қызметінде және мінез-құлқында осы нормаларды ұстануға тиісті;
Осы Кодекс ережелерін бұзу колледж оқытушысы және қызметкерлерінің мәртебесіне үйлеспейтін іс ретінде қарастырылады.
Кодекс нормаларын бұзған оқытушылар мен қызметкерлер үшін келесі шаралар қолданады:
— көпшілік алдында кешірім сұрау ұсынысы;
— басшылық кеңесінде тәртіпті талқылау;
— тәртіптік жаза қолдану.
— ауызша ескерту
— жазбаша ескерту
-қатаң сөгіс
— жұмыстан шығару.