Колледж тарихы
1958 жылдың 1 қыркүйегінде Таушық кентінің (бұрынғы Маңғыстау ауданының орталығы) терістік жағындағы ара қашықтығы төрт-бес шақырымдай жерде оқшау тұрған №7 шахта елді мекенінде Маңғыстау түбегінде тұңғыш рет №82 ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесінің ашылу салтанаты болды. Училищенің тұңғыш директоры және оны өз қолымен құрған Атыраулық азамат Халекес Ахтанов. Маңғыстау түбегіндегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы кәрі шаңырақ Маңғыстау техникалық колледжі оқу орнының іргесі қаланғанына — 60 жыл.
Ардагер ұстаз Ө.Сағындықовтың ғұмырының 51 жылы осы оқу орнымен байланысты. КСРО халық ағарту ісінің ұздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және КСРО Министрлер Кеңесінің,ВЛКСМ Орталық Комитетінің Құрмет грамоталарының иегері, Маңғыстау ауданының құрметті азаматы. Алпыс жылдық тарихымыздың тірі куәгері.
Училищені 1964-81 жылдары «КСРО кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі» Өмір Сағындықов басқарды. Бұл жылдар шын мәнісінде училищенің мамандар ұясы, белгілі білім ордасына айналған келелі кезеңдері болды. Жан-тәнімен жастарға білім беруде өз істерінің маманы Жұмаш Собалақов, Бекей Сәрсенбаев, Ылым Досмағанбетов, Мырзағали Асылбаев, Нұралы Базылов тағы да басқа ұстаздар еңбек сіңірді. Училищенің алғашқы ұйымдастыру жұмысына Х.Ахтанов белсене араласты. Оқуға қажетті жабдықтар Гурьев, Доссор училищелерінен тасылып әкелініпті. Курсанттар тек Маңғыстау облысы емес, Түрікменстан республикасынан да келіп оқығандар болған. Кейін №5 кәсіптік -техникалық училищесі, №5 кәсіптік- техникалық мектеп болып, 2008 жылы Маңғыстау техникалық колледжі болып өзгерді. Атауы өзгергенмен басты міндеті — арнаулы орта білімді жұмысшы маман кадрларды дайындау болды. Алғашқы директор Х.Ахтанов, әр жылдары оқу орнын М.Құбышев, Е.Қайболдиев, Б.Темірәлиев, Б.Аманиязов, Ө.Сағындықов, М.Асанов,Ж.Селбаев,Б.Серікбаев, Н.Аманжолов, А.Демеев, Ү.Сарбалаев басқарды.Училищелердің ондаған мың жастары техникалық үйірмелерге қатынасып, өздерінің қолөнер бұйымдарын көрмеге ұсынды, жастардың жасаған бұйымдары Москвадағы бүкілодақтық көрме залдарына қойылды.
1980 жылдан бастап Таушықтағы училище аудан орталығы Шетпеге көшірілді.
2
Оқу орнының қалыптасу тарихы:
Жылдары | Оқу орнының аталуы |
1958 | №82 Таушық ауылшаруашылығын механикаландыру училищесі (УМСХ №82) |
1980 | №5 орта кәсіптік – техникалық училищесі (СПТУ — 5) |
1989 | №5 кәсіптік – техникалық училище (ПТУ — 5) |
1996 | №5 кәсіптік – мектеп (ПШ- 5) |
2008 | Маңғыстау техникалық колледжі (МТК) |
Техника тарландарын түлеткен ұлағат ұясынан алпыс жылдық қызметінде 14000 астам маман самғады. Бүгінде осы оқу орнында білім алып маман болып қалыптасқан жастардың бірқатары ұшқан үясында педагогикалық қызметін атқарып жүр. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Жайық Жайлыұлы, оқытушылар Қ.Оңдағанова, А.Ержанов, Қ.Машрупов, М.Қожақов, А.Ақмолдиев, А.Жилкишиев. Ұзақ жыл педагогикалық қызметте жүрген оқытушылардың үшқан ұясына деген адалдық байқалады.
Құрылған жылдары жастар Қарақалпақстан, Түрікменстаннан келіп білім алған екен. Кәсіптік техникалық училище кезінде тракторист, пісіруші, аспаз, бухгалтер, тігінші, мәдени шараларды ұйымдастырушы, слесарь, құрылысшы, хатшы, жүргізуші мамандары дайындалса, колледж тарихында техник -механик, техник- құрылысшы,бухгалтер,дәнекерлеуші, мұнай және газ кенорындары операторына жастар кәсіптік білім алды. 1980 жылы оқу орны Таушықтан аудан орталығына көшіп,3 қабатты оқу ғимаратына орналасып, қалыптасқан оқу үрдісін жалғастырды. Маңғыстау облыс әкімінің 2008 жылғы №372 қаулысымен «Маңғыстау техникалық колледжі» болып құрылып, мемлекеттік-қазыналық коммуналдық кәсіпорын ретінде сол жылдың тамыз айында өз жұмысын жаңа серпінмен бастады. 2009-2010 оқу жылында колледжде сырттай оқу бөлімі ашылып, онда 131 жас түрлі мамандық бойынша оқыды. Қазіргі таңда аталған оқу орны заман талабына сай өскелең ұрпаққа заманауи білім мен тәрбие беріп, өз қызметін өрістету үстінде.