Бүгін Маңғыстау техникалық колледжі студенттеріне режиссер Ринат Балғабаевтың «Закладчик»деректі фильмі көрсетілді
Бүгін Маңғыстау техникалық колледжі студенттеріне режиссер Ринат Балғабаевтың «Закладчик»деректі фильмі көрсетілді.Деректі фильмде жеңіл ақшаның жолын қуып,қазір 10 және одан да көп жылға бас бостандығынан айырылған қарапайым есірткі курьерлері сұхбатында жасаған тірліктеріне өкініп, жастарды кесірлі құбылысқа араласпауды сұрайды.Фильмді көрсетудегі мақсат-жас ұрпақтың қылмыстық құқық бұзушылығын болдырмау.