Амал келді,жыл келді!

Амал келді,жыл келді! Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын — Көрісу күні  Амал мерекесі құтты болсын!  Жасыңыз құтты, жылыңыз ырысты, берекелі, қазаныңыз толы болсын, ағайын! Амалдан амалға аман есен жете берейік!

Читать далее

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде ата -аналар жиналысы болды

Өмірге «ИӘ деп» айт онкүндігінің жоспарына сай ата -аналардан  психолог Г.Ермұханова сауалнама алып,тренинг өткізді. Жиналыстан соң аналар колледж шеберханасымен танысып,өздерінің ұсыныстарын айтты.

Читать далее

Айбын

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде БӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ж.Жанбуршиев «Айбын» конкурсын өткізді.Студенттерге патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген сайыс қортындысында Д-08-23 тобының  «Жігер»командасы жеңіске жеті.»Үздік мерген»номинациясын Бекмұратұлы Дарын иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.#біртұтастәрбие

Читать далее

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын

ҚР Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» басшылыққа ала отырып әр ай сайын жұмыстар жүргізілуде.  Бүгін топ жетекшісі Б.Ыбраев АКЖ-02-22 тобында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, адамгершілік, адалдық, шыншылдық қасиеттерді білім алушылардың бойына қалыптастыру мақсатында студенттерге дәріс оқып,бейнеролик көрсетілді. #сыбайласжемқорлыққажолжоқ  #сыбайласжемқорлыққақарсы  #саналыұрпақ

Читать далее

Нашақорлық-ғасыр дерті

Маңғыстау техникалық  колледжінің АЭ-08-23 тобына куратор Н.Избасарова медбике А.Аманбаева 21ақпан күні  “Нашақорлық-ғасыр дерті” тақырыбында  студенттерге түсіндірме  жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Нашақорлық — бұл маңызды психикалық және физикалық бұзылу, ол адамның психотроптық заттарға тәуелділігі мен теріс пайдалануынан тұрады. Сонымен қатар, есірткілер адамның өзгерген санасына…

Читать далее

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль

2024 жылғы 24 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль» тақырыбында облыстық нетворкинг-сессия өтті.  Колледжден басшының оқу ісі, өндірістік оқу жөніндегі орынбасары,әдіскер қатысты Нетворкинг-сессияның мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының…

Читать далее

2023 жылы өзім оқыған ең жақсы кітап

Бүгін кітапханада  кітапханашы Ж.Ерханова  ұйымдастыруымен  “2023 жылы өзім оқыған ең жақсы кітап” бук- слэм өткізді.Мақсаты- студенттердің көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру ,тіл байлығын  дамыту, кітап оқудың рухани азық екеніндігін ұғындыру, рухани дамытатын орта қалыптастыру  . Студенттер 2023 жылы оқыған кітаптары туралы пікірлерін айтты.

Читать далее