Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль

2024 жылғы 24 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль» тақырыбында облыстық нетворкинг-сессия өтті.

 Колледжден басшының оқу ісі, өндірістік оқу жөніндегі орынбасары,әдіскер қатысты

Нетворкинг-сессияның мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының басқару ісіндегі жаңашыл іс-тәжірибелерімен бөлісу, басшы орынбасарларының курстан алған білімдерін оқу үрдісіне енгізу үшін тәжірибе алмасу. 

Спикерлер білім беру ұйымдарын басқарудағы жаңашыл әдіс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушыларға шебер-сыныпта ойын түрінде өз қызметінің тиімділігін бағалау бойынша тапсырмалар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *