Бүгін «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес «Ашық есік күні» акциясы аясында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты:
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып құқықтық мағлұмат беру;
— қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алуда профилактикалық жұмыстардың маңызын түсіндіру;
— саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету;
— шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға үйрету;
— еліне адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
.Іс- шараға қатысушылар: білім ордасының басқарған басшы, ардагер ұстаз Н.Аманжолов , «АMANAT» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының төрағасы Ш.Барахатов, «Маңғыстау жылу,су » КМ директоры Т.Ерманов,Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Қойсарин,Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы директоры А.Бағланұлы,журналист «Жаңа өмір » газетінен тілші М.Жебеқызы, «Қазақ АНАлары дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау аудандық филиалының төрайымы С.Жанбозова,ата-ана Л.Тулеуова .Қонақтар алдымен оқу ордасының тарихынан сыр шертер мұражайды көріп,оқу шеберханасындағы жаңа жабдықтардың жұмыс жасалуымен танысып ,студенттердің өз қолдарымен жасалған бұйымдар көрмесін көрді.#біртұтастәрбие