Полиция тобының инспекторымен кездесу  

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжі студенттерімен  Маңғыстау аудандық прокуратурасының прокуроры С.Қ. Жұбатыров және кәмелетке толмағандар жөніндегі ювенальды полиция тобының инспекторы  Ғ.Айжановамен  кездесу өтті. Мақсат-құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлықтың зияны ,  жаман әдеттерден сақтандыру . Еркін сұхбат  барысында көше тәртібі, сондай-ақ, зиянды заттар, нашақорлықтың зияны туралы кеңінен түсінік берілді. Жасөспірімдер арасында вейпинг деп аталатын жаңа ағым пайда болғандығы, темекіден, есірткіден бойды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Іс -шарада студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

#біртұтастәрбие