28қараша колледждге Шетпе лицейінің 9 сынып оқушылары “Мамандық әлеміне саяхат” атты экскурсияға келді. Экскурсияның басты мақсаты – оқушыларды әртүрлі мамандықтармен таныстырып, болашақ кәсіби таңдау жасауға бағыт беру.
Экскурсияны жетекшісі Шетпе лицейінің кәсіптік бағдар беруші маман Сағынғали Айжан оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес колледжге әкелді. .Оқушыларға колледжде оқытылатын техникалық, өндірістік салалары бойынша мамандықтардың ерекшеліктері колледж оқытушыларының көмегімен таныстырылды. Олар колледждің материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттерімен, зертханалармен және өндірістік шеберханалармен танысып, болашақ мамандық таңдау бойынша түрлі кеңестер алды.
Экскурсия барысында оқушыларға әр мамандықтың еңбек нарығындағы рөлі, жұмыс орындарындағы қажеттілігі, сондай-ақ оқыту процесі мен оқу бағдарламалары туралы түсінік берілді. Бұл іс-шара оқушылардың болашақ кәсіби бағыттарын анықтауға және мамандық таңдауында маңызды рөл атқарады.
Маңғыстау техникалық колледжге жасалған бұл саяхат оқушылардың болашаққа деген сенімділіктерін арттырып, оларға кәсіби бағдар беруде пайдалы болатыны сөзсіз..#кәсіптікбағдар #мамандықтаңдау #маман
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi