Заголовки

Ауданда «Әлемге аңыз болған абыз тұлға» байқауы өтті

Ауданда «Әлемге аңыз болған абыз тұлға» байқауы өтті.

Бүгін Маңғыстау ауданында Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына орай «Әлемге  аңыз болған абыз тұлға»  атты байқау өтті. 

Жазушының поэзия және прозалық шығармаларынан үзінді оқудан байқауға өңірдің қала, аудандарынан үміткерлер қатысты. 

Шараға аудан әкімінің орынбасары Талғат Қылаңов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Байқауға қатысушылардың өнеріне Филология ғылымдарының докторы, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері Жанбибі Дүйсенбаева, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог — 2014» атағының,  Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері Валентина Әбдіқалық, қалалық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Жансая Жайлаубаева баға берді.

Қазылардың шешімімен жүлделі I орынды түпқарағандық Арғын Қосай, II орынды ақтаулық Нұрдәулетова Ақжарқын мен түпқарағандық Манаш Асылзат иеленді, III орынды ондылық Көсемова Райгүл, шетпелік Сақтағанова Гүлжанат, жыңғылдылық Жұмахан Ақеркелер бөлісті. Ақтаулық Мәтжанова Ақкүміс пен 1курс студенті  Амалбайұлы Серікболға 50 000тг  арнайы сыйлық тапсырылды.

Әбіш Кекілбайұлының туған күні қарсаңында рухына тағзым етіп, оның ұлылығы мен кемеңгерлігін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шарадан көрермендер рухтанып тарасты.

Screenshot