10 желтоқсан күні Маңғыстау техникалық колледжінде 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні қарсаңында «Желтоқсан желі жадымда» желтоқсан оқиғасына қатысқан Маңғыстау ауданы статистика бөлімі басшысы М.Құлшанаевамен кездесу өткізілді. Мақсаты:Студенттерге өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.Отанды сүюге тәрбиелеуге,туған елін,жерін қорғауға әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.Жас ұрпақ бойына еліне,жерінде,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.Мизамгүл апай сол бір қастерлі күнді еске алып,студенттерге оқиға барысы туралы әсерлі әңгімелеп берді.Студенттерге тәрбиелік мәні зор естеліктермен бөліскені үшін ТЖБ.Шанкенова қонаққа ризашылығын білдірді. #Біртұтас_тәрбие
Біздің сайтқа қош келдіңіз!