Кітапхана

«Маңғыстау техникалық колледж» кітапханасы туралы мәлімет        

      

       «Тәуелсіз Қазақстанның келешегі — жасұрпақты тәрбиелеп отырған  колледж  дейтін болсақ, сол колледжде орналасқан кітапхана осы міндетті бірге атқарады.

Кітапхана- оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебі. Қазіргі кезде кітапхана жұмысында да  жаңа бастамалар орнығуда. Мынау зымыраған заманда -кітапхана оқырманға кітап ұстатып, кітап қабылдап қана отыратын орын емес, оның бағыты да мақсаты да өзгерген.

Бүгінгі теледидарға, смартфонға телмірген жастардың мойнын кітап оқуға бұрып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра алсақ, онда ұлтымыздың ұтарыда аз болмас еді.

Колледж кітапханасының — 15389 кітап қоры бар. Оның ішінде жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу әдебиеті- 2110, жалпы кәсіптік пәндер бойынша оқу әдебиеті – 5388, арнайы пәндер бойынша оқу әдебиеті – 4015, әдістемелік әдебиет – 1301, энциклопедия, сөздік, анықтамалықтар – 92, көркем әдебиеттер – 2377.   Сонымен бірге оқу залы, абонент бөлімі, кітап сақтау бөлімі бар. 2022-2023 оқу жылында 149  оқырман кітапхана қорын пайдалануда. Негізгі бөлімі- оқу залы. Мұнда білімге құштар студенттер бос уақыттарында ашық қорды пайдаланып өздеріне керекті кітаптарын алып оқуына барлық жағдай жасалынған. Сонымен қатар мерзімді басылымдарға:  жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне, облыстық қоғамдық- саяси  «Маңғыстау» газетіне, аудандық қоғамдық- саяси  «Жаңа өмір» газетіне, республикалық білімділік «Білімді ел» газетіне жазылдық. Оқырмандар өздеріне керекті өзекті ақпаратты осы журналдар мен газет беттерінен табады. Сондықтан мерзімдік баспасөз басылымдарына жазылуға ерекше көңіл бөлеміз. Сонымен бірге дәстүрлі кітаптармен қатар  106 дана электронды  оқулықтары  бар.

Екінші бөліміміз-  абонент бөлімі. Мұнда студенттер өздеріне керекті кітаптарды үйлеріне жазғызып алып,  білімдерін толықтырады. Үшінші кітап сақтау бөлімі, мұнда көркем әдебиет, салалық әдебиеттер, оқулықтар және жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу әдебиеттері орналасқан.

Кітапхана оқырмандарын,  кітап оқуға тарту мақсатында кітапханамызда түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Кітапханалық шаралар үнемі өсіп, өзгеріп, жетіліп отырады. Мысалы , кітапханадағы ұйымдастырылған «Ұлттық болмыстың иісі аңқыған- Маңғыстау», «Ұлт ұстазы», «Мерейтой иелері» атты  тұрақты көрмелеріміз жасақталды.

Кітапханада өткізілген мәдени көпшілік жұмыстар, түрлері жағынан да, сапасы жағынан да әр алуан. Қазіргі заман талаптары,  жұмыстың көптеген жаңа түрлерін енгізудің қажеттігін қалайды. Өткізілетін шаралардың көпшілігінде оқырманның өзін қатыстыру арқылы жүргізіледі және студенттердің белсенділігін арттыру мақсатымен жаңа танымдық қызықты ойындар  ұйымдастырылуда.

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, электронды кітапхана стендісі жасақталды. Мұнда оқырмандар өздеріне қажетті кітапты тауып алып, кьюар код арқылы жүктеп, сақтап, кез- келген уақытта оқи береді.

08 қыркүйек күні,  «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, игі  акцияның жалғасы ретінде «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында ел болып оқуға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «Ұлт жанашыры» атты көрме жасақталды.  Бұл көрменің мазмұны: бүкіл ел бір уақытта бір кітапты талқылау.Ал, мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу, насихаттау, рухани мұрамызды сақтау. Осы көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Студенттер өздеріне көрмеден кітап жаздырып алды.

06 қазан күні, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында,  «Кітапхана- парасат  мекені» атты ашық есік күні өткізілді. Бұл күнгі жоспарланған шараға 1- курс студенттері қатысты. Оларға кітапханамыздың бөлімдеріне саяхат ұйымдастырылып, олар кітапхана жұмысымен танысып, жаңа ақпараттық мүмкіндіктер жайлы мәлімет алды. Студенттердің көбі кітапхана оқырманы болып тіркелді.

23 қазан күні, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында,  «Менің отаным Қазақстан» атты көрме ұйымдастырылды.  Шараға колледж студенттері қатысты. Көрмеге ұсынылған басылымдардың ішінде «Қазақ хандары», «Қазақ мемлекетінің тарихы», «ХХ1 ғасырдың Астанасы», «Қазақстанның жеті кереметі» т.б. кітаптар таныстырылды. Студенттер осы кітап көрмесіне жасалған библиографиялық шолуға белсене қатысып, өздерінің тарихқа деген қызығушылықтарын білдірді.

26 қазан күні, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, бос уақытын тиімді өткізу, кітап оқуды насихаттау бағытында  «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін» атты кітапханалық шара яғни библио крос өтті. Бұл шарамызға студенттердің қатысы өте жоғары болды.

28 қазан, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, кітапханашылар күнінге орай, «Кітапханашы- демек креатив» атты кітапханада өзін- өзі басқару күні болды. Студенттер өздері бір- біріне қызмет жасап, жақсы көңіл күйде тарқасты.

31 қазан күні, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, «Кітап достарын іздейді» атты буккроссинг қозғалысына да қосылдық. Буккроссингтің мақсаты- кітап оқуға насихаттау және бір- бірімен кітап алмасу арқылы кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Буккроссинг колледждің бірінші қабатында орналасқан. Сонымен бірге колледж қызметкерлерінің бастамасымен «кітапханаға кітап сыйла» атты жүріп жатқан акциясы аясында да кітап қорымыз толығуда және жалғасын табуда.

Мақсаты: 1. кітапхана қорын толықтыру

                 2. оқырман мен кітапхана арасын нығайту

                 3. жастарды кітап оқуға тарту

23 қараша күні, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, «Үздік оқырман» байқауы. Бұл сайыстың атынан белгілі болып тұрғандай, қай студент кітапханамен жақсы қарым- қатынас жасайды және кім көп кітап оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталды. Бұл жолғы үздік оқырманымыз 1- курс студенті – Саматұлы Ернұр  алға шықты.

28 қараша күні, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріне қызығушылықты ояту мақсатында «Қазақстанның салт- дәстүрлері кітап дерек көздерінде» атты кітапхана квест өтті. Квестке 2 топ қатысты. Жасырылған сұрақтарды бір- бірінен қуалап дұрыс табу.

Топтың негізгі мақсаты: студенттерге қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, ұлттық сананы ояту, ұлттық рухты бойына сіңіру.

14 желтоқсан күні, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, тәуелсіздік мерекесіне арнап- «Тәуелсіздік- тұғырым» атты кітап көрмесі жасалды. Көрменің басты мақсаты: ата- бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасалды.

20 желтоқсан күні, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты әдеби аукцион ұйымдастырылды.

Мақсаты; студенттер ұлы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, олардың ақыл- ой және шығармашылық қызметін жандандыру. Абайдың шығармашылық мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға деген құштарлыққа тәрбиелеу.

Әдеби аукционды Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесімен  толықтырылды және де библиографиялық шолу жасалды.

25 қаңтар күні, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, «2022 жылы өзім оқыған ең қызықты кітап» атты бук- слэм. Мұнда студенттер тақырыпқа ат салысып, өздері оқыған кітаптардың ең қызықты жерлерімен көпшілік оқырманмен ой бөлісті.

 Ақпан айы туғанда, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  «Мұқағали- мәңгілік жыр» атты жыр кеші ұйымдастырылды.  Мұғалімдер мен студенттер тақырыпқа ой бөлісіп, жырларын айтып, атсалысып отырды.

Қорыта айтқанда колледждің студенттері кітап оқуға бер бұрып, рухани қазынаның дәмін тата бастады.