ӘЗ-НАУРЫЗ ӘР ШАҢЫРАҚҚА ШАТТЫҚ НҰРЫН СЕБЕЛЕСІН

ӘЗ-НАУРЫЗ ӘР ШАҢЫРАҚҚА ШАТТЫҚ НҰРЫН СЕБЕЛЕСІН

Наурыз – ежелден келе жатқан, тамыры тереңге кеткен, еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.

Ұлы даланың биік рухымен, тәңірге сиынған тәккәппар мінезінен басталатын бұл мереке – халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің көрінісі, биік рухымыздың, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің, салт-дәстүріміздің, тіліміз бен діліміздің өзегі.

Ұлыстын ұлы күнінде адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, кешірімге келіп, татуласқан. Мол дастарқан басында ақжарқын көңілмен жүздесіп, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көжеден дәм татқан.

Бүгінде ежелгі мейрам біздің жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие болды.

Күн мен түннің теңесер тұсында тойлайтын Ұлыстың ұлы күні халқымыздың салтындағы қонақжайлылықты, ынтымақтастық пен береке-бірлікті көрсетеді.

Адамгершілік пен татулықты паш ететін Әз-Наурыздың қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтудағы рөлі орасан зор.

Еліміздің мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық нұрын себелесін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Игі тілекпен: Маңғыстау техникалық колледжі МКҚК ұжымы

source: coin-qr.to

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *