Маңғыстау техникалық колледжінде бүгін «Төтенше жағдайлар және олардан сақтану жолдары» тақырыбымен іс-шара өткізілді. Мақсаты-білім алушылардың өмір қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардан сақтанудыру туралы түсіндіру. Шараға қатысушы қонақтар: Маңғыстау аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандары инженер Хамзин Марғұлан Ғабитұлы, аға анықтаушы Иксанов Айсұлтан Борисұлы қатысты. Мамандар төтенше жағдайлардағы іс- әрекеттер , қауіпсіздік негіздері, бірыңғай байланыс желісін пайдалану жолдары туралы айтты. Қонақтар М.Габдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға қабылдау туралы түсіндіріп өтіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Біздің сайтқа қош келдіңіз!