Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде «Отан қорғау-парызың»! тақырыбымен іс- шара өтті.Мақсат- көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырушы жастарға түсінік жұмыстарын жүргізу. Шараға Маңғыстау ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің әскери шақыру және әскерден тыс жұмыс тобы бастығы Г.Б.Канатов, Маңғыстау облыстық шекара қызметі 1 дивизионның әскери психологы ,майор А.Ю.Токбанов, Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі оқу бөлімінің нұсқаушысы С.Т.Есқуатов , колледж әкімшілігі, бітіруші топ студенттері,кураторлары, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ж.Жанбуршиев қатысты.Қонақтар әскери міндеттілік туралы ,одан жалтару жауапкершіліктері , ҚР Қарулы Күштерінде әскерлері мен әскери құрылымдарында мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген жастардың ЖОО ҰБТ тапсырудан босату арқылы тегін оқуға қабылдануына мүмкіндік берілетіндігі туралы ,әскери қызметшілерге қарастырылған жеңілдіктер жөнінде толық ақпарат беріп,білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Студенттерге шекара қызметі және әскери міндетті өтеушілерге жеңілдіктер туралы бейнеролик көрсетілді.
Біздің сайтқа қош келдіңіз!