«Өмірге «ИӘ» деп айт!»

Колледжімізде кеше  5-ақпан күні аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Өмірге «ИӘ» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндіктің ашылуы болып өтті. 

Білім алушыларды алдағы онкүндіктің жоспарымен психолог Г.Ермұханова таныстырып, колледждің Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Шанкенова іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды. 

Білім алушыларға сенім жәшігі жұмыс жасап тұрғандығы жөнінде айтылып өтті. Сонымен қатар психологиялық көмек қажет болған жағдайда колледж психологіне жеке кеңесіне жүгіну ұсынылды.

Білім алушыларды сергіту мақсатында өмір жайлы сұрақтар қойылып, олардың жауабы тыңдалды.

#өміргеиәдепайт

#психологияапталығы

#біртұтас_тәрбие

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *