ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ 

Кендірлі ауылында Кендірлі ауылы әкімінің қолдауымен, “Кендірлі ауылдық мәдениет үйі” мекемесінің ұйымдастыруымен және ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен Ұлыстың ұлы күніне орай наурыз тойы өтті.Атаулы шарада  мәдениет үйінің өнерпаздары “Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні” атты мерекелік концерт дайындады. 

Наурыз той бағдарламасы бойынша:

-жәрмеңке, көрме

-бауырсақ party

-ұлттық спорттық ойындар жарысы

-мерекелік дастархан 

ұйымдастырылды.

Шара соңында, ұлттық спорттық ойындарға қатысып, жеңімпаз атанған жандарға арнайы диплом  мен медальдар және қаржылай сыйлықтар  табысталды.Маңғыстау техникалық колледжінің 1 курс студенттері Ғ.Тілеген мен Б.Жаманқұл жүлдегер атанып,марапатталды. Құттықтаймыз!!!