Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде облыс әкімі жанындағы комиссия және аналар кеңесі ұйымдастырған шара өткізілді. Облыстық аналар кеңесі мүшесі Т.Абдуллаева , аудандық аналар кеңесі мүшелері Р.Бердиеаа ,Т.Базарбаева , Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің инспекторы С.Кенжеахметова, зорлық зомбылықпен күрес бөлімінің маманы М.Бисемағанбетова , «Сағын мед» клиникасынан дәрігер З. Елмуратова колледж студенттерімен «Зиянды әдеттердің болашақ өміріңе әсері» тақырыбы бойынша сұхбат алаңында есірткі, темекі, энергетикалық сусындар, насыбай және құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты кеңестерін берді.
Біздің сайтқа қош келдіңіз!