Е-Өтініш

Ағымдағы жылдың 16-18 сәуір күні басшының ақпараттық технология жөніндегі орынбасары А. Аманиязова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдермен Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау, оларды қарау барысында ҚР ӘРПҚ-нің талаптарының сақталуы және Е-Өтініш ақпараттық жүйесіндегі жаңадан қосылған заңды және жеке тұлғалардың қанағаттанушылығын арттыру негізінде инновациялық модельдер мен көрсетілетін қызметтерді ұтқыр нысанда ұйымдастыру және жақсарту мақсатында «Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар мен халықтың цифрлық кеңсе жұмысын үйлестіру» тақырыбындағы 24 сағаттық курстан өтті.