Оқуға құштар колледж

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжі кітапханашысы Ж.Ерханованың ұйымдастыруымен “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында оқытушылар қатысуымен “Келіңіз, бірге оқиық!” атты библио-кросс өткізілді. Іс шара, қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлына арналып , “Ахмет Байтұрсынұлы кім?” атты кітабы талқыланды. Ұлт ұстазының өмірі мен сан қырлы қызметінің барлық жақтары айтылды. Шараға  оқытушылар белсене қатысып, ой — пікірлерін  айтып, кітап туралы қызықты пікірталас болды. Сонымен бірге “Додекаэдр” әдісі бойынша жасалған түрлі іс-қимылдар арқылы сол жерге көңілділік орнату мақсатында ойындар ойнатылды.