Маңғыстау техникалық колледжі 2024 жылдың

Маңғыстау техникалық колледжі 2024 жылдың сәуір айының 25і күні Шайыр ауылының Т.Жалғасбаев атындағы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларының кәсіби бағдар беру барысында колледждегі мамандықтарды таныстырып өтті. Кәсіби бағдар берудің мақсаты -мектеп бітіруші түлектерге мамандықтарды таныстыра отырып, дұрыс мамандық таңдауына көмектесіп бағыт бағдар беру. Кәсіби бағдар беруші колледж оқытушылары Н.Тәжиева және Г.Қошақбаева . Түлектерге колледждің 2024-2025 оқу жылында оқуға қабылдайтын мамандықтары, колледжді бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі және материалдық- техникалық базасы, колледж жетістіктері туралы ақпарат берілді. Мектеп бітірушілерге үлестірмелер таратылып, сұрақтарына жауап берілді. Мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді Маңғыстау техникалық колледжіне оқуға шақырамыз!

 #кәсібибағдар #МТК