Маңғыстау техникалық колледжі республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны басталған болатын.Республикалық науқаннан колледж қызметкерлері мен студенттері қалыс қалмай колледж аумағының санитарлық жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, қоқыстан тазартты.
Акцияның мақсаты — халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру, қоғамдық орындарда азаматтардың мүлікке ұқыпты қарауға шақыру. Сондай-ақ, халықтың табиғатқа деген жақсы көзқарасын қалыптастырып, тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті нығайтуға, санитарлық жағдайды жақсартуға тәрбиелеу.
#ТазаҚазақстан #біртұтастәрбие