Бүгін Маңғыстау техникалық колледжі студенттерімен Маңғыстау аудандық прокуратурасының прокуроры С.Қ. Жұбатыров және кәмелетке толмағандар жөніндегі ювенальды полиция тобының инспекторы Ғ.Айжановамен кездесу өтті.Мақсат-құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлықтың зияны , жаман әдеттерден сақтандыру . Еркін сұхбат барысында көше тәртібі, сондай-ақ, зиянды заттар, нашақорлықтың зияны туралы кеңінен түсінік берілді. Жасөспірімдер арасында вейпинг деп аталатын жаңа ағым пайда болғандығы, темекіден, есірткіден бойды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Іс -шарада студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.
#біртұтастәрбие