13 қыркүйекте облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырыс аясында «Әсер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Әкелер одағы» РҚБ МОФ қолдауымен Шетпе ауылындағы Маңғыстау техникалық колледжінің жоғары курс студенттері мен жас маман жастарымен «Әке отбасы тірегі» атты әлеуметтік жобасы бойынша еркін форматта кездесу өткізілді. Кездесуге облыстық әкелер одағының төрағасы, облыстық ата аналар кеңесінің төрағасы, Қазақстанның жазушылар одағының мүшесі, ақын, спикер Аллаберген Қонарбаев пен әкелер одағының мүшесі, ұйым өкілі Бауыржан Бөкенбаев және белсенді әке Нұрым Сейлханов, және оқушылар қатысты. Шара барысында жастарға әке мен бала арасындағы қарым қатынас, Әкенің отбасындағы рөлі мен орны, отбасы құндылықтары жан жақты әңгіме өрбітті.Осындай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Оқушылар түрлі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алып, жоғары белсенділік танытты.
Біздің сайтқа қош келдіңіз!