Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде» колледж иснпекторымен кездесу өтті. Мақсаты- құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру. Шараға қатысушылар: Маңғыстау ауданы полиция бөлімі ЖПҚБ бастығы полиция капитаны Айдарбеков Бақтияр Қалбайұлы, бөлімнің КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Өтелов Батырбек Қыдырбайұлы, кәмелеттік істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы,полиция аға лейтенаты Нухиев Нүрлан Қанатұлы және студенттер.Іс-шара басшының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Шанкенованың сөзімен ашылып, кездесу мақсаты мен қатысушы қонақтар таныстырылды.Шараға қатысушы капитан Б.Қ.Айдарбеков жасөпірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар, солардың салдары, мопед жүргізуші жасөспірімдердің қатысуымен болған жол- көлік оқиғалары туралы айтып, колледждің ішкі тәртіп ережерін сақтауға және құқық бұзушылық әрекеттерге бармау жөнінде айтып өтті. Маңғыстау ауданы полиция бөлімнің КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Өтелов Батырбек Қыдырбайұлы өз сөзінде аудандағы жасөпірімдердің қатысуымен болған құқық бұзушылықтарға талдау жасап, жасалған шалыс қадамның болашақтағы әсері туралы, аудандық ювеналды полиция бөліміне есепке алынған жасөпірімдер, оларға қолданылған жазалар туралы баяндады. Кәмелеттік істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенаты Нухиев Нұрлан Қанатұлы қазіргі уақытта аудан жүргізіліп жатырған рейд,түнгі уақытта көшеде жүру және колледж аумағында темекі өнімдерін тұтынбауға қажеттігін ескертті.Студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берілді. #біртұтастәрбие
Біздің сайтқа қош келдіңіз!