Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің арнайы ұсынылған тезиске сәйкес, «Бала қауіпсіздігі — қоғам келешегі» тақырыбында бүгін ата-аналар мен педагогикалық ұжымның қатысуымен жиналыс болып өтті. Жиналыста қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — студенттердің әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі туралы айтып өтілді. Атқарып жатқан жұмысымыздың нәтижелері балалардың үйлесімді әрі қауіпсіз дамуына берік негіз бола алатыны және ата-аналар мен бірге біз оларға колледжде де, үйде де қауіпсіз орта жасай алатынымыз жайында түсіндіріп өтілді.