Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Маңғыстау филиалының хатына сәйкес, жаңа үлгідегі банкноттардың негізгі қорғаныш элементтері туралы және Астана қаласының полиция департаментінің киберқылмысқа, телефон және интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөнінде Маңғыстау аудандық Халық банк басқармасының басшысы Жанбуршин Жәнібек Кенжебекұлымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында Жәнібек Кенжебекұлы жаңа банкноттар шығуы туралы және де интернет-дүкенмен байланысты алаяқтықтар, фишинг, интернет арқылы қайыр сұрау, телефон-алаяқтық, SMS-алаяқтық және интернет-банкинг арқылы жасалатын қылмыстар туралы түсіндіріп өтті. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Біздің сайтқа қош келдіңіз!