Интернет адамдардың өмірін едәуір жеңілдетті. Қазір барлық қажеттілікті үйден шықпай, электронды түрде орындай алуға мүмкіндік бар. Интернеттің көмегімен, басқа мемлекеттердегі адамдармен байланысуға болады. Дегенмен, ғаламтордың зияны да бар. Ең біріншісі – ғаламторға тәуелділік проблемасы. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді.
«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында А.Адайбаева студенттерге тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: ұялы телефонның денсаулыққа әсерін айтып, студенттерге интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру. Студенттер әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы талқылап, өз ойларымен бөлісті.
Интернетті тек керегімізге жаратып, уақытымызды пайдалы істерге жұмсайық!