Баршаңызды 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасы – адам баласының өсіп-жетілетін, қаз тұрып, қанат қағар алтын ұясы, тәлім-тәрбие алатын құтты ошағы. Сондықтан да жанұяның әрбір мүшесінің қоғамда өз орны бар.
Отбасы – еліміздің мызғымас тұрақтылығының, ауызбіршілігі мен болашағының қайнар көзі. Себебі тәрбиелі ұрпақтың ел мен жерге адал қызмет жасауы жанұядағы өнегеден бастау алмақ.
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес.
Қай заманда да берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады.
Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әрбір отбасыға амандық, құт-береке тілейміз!
Құрметпен Маңғыстау техникалық колледжі ұжымы