Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Көшбасшылық қауымдастыққа!» ұранымен акция жарияланды. Бүгін колледжде Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Көшбасшылық қауымдастыққа!» ұранымен жарияланған акция аясында жасақталған іс-шаралар жоспарына сай «ЖИТС және одан қорғау жолдары» тақырыбымен Д-08-23 тобы оқушыларына эпидемиолог — дәрігер Н.Бисалиев және ішкі аудит дәрігер қызметкері- Ә. Қожахметова дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: жасөспірімдерді ЖИТС-тен сақтандыру және оның таралу сақталу жолдары туралы түсінік беру. Дәрігерлер оқушыларға ЖИТС нан сақтану, қорғану жолдары туралы түсіндіріп, ақпараттық брошюркаларын таратты.