«Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК бойынша 2023 жыл қортындысы.

«Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК бойынша 2023 жыл қортындысы.

«Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК –өңірдің кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында, техникалық мамандар дайындау бағытында қызметін жүзеге асырады.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сай күндізгі оқу формасында 5 мамандық, 8 біліктілік бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беру базасында жүзеге асырылады. Академиялық дербестік негізінде мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру, кәсіптік білім беру стандарты негізінде білім беру бағдарламалары әзірленді. Колледжде 313 студент білім алуда. 2023-2024 оқу жылына қабылданған талапкерлер саны-100. 2023 жылы мақсатты тапсырыс бойынша кәсіпорындарға болашақ мамандарды дайындау үшін нысаналы гранттар бөлінді, биылғы оқу жылына бұл бағытта -10 студент қабылданды.

2023-2024 оқу жылы бойынша 41 оқытушы жастарға білім береді,1 педагог-зерттеуші,2 модератор,4 педагог-сарапшы, 2 орынбасар үшінші категориялы мамандар. Жыл бойына 6 жалпы білім, 5 арнайы пән оқытушысы,1басшы м.а,1 орынбасар,1 әдіскер біліктілігін арттыру курстары бойынша сертификат алды.Наурыз айында Маңғыстау облысы бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінен мемлекеттік аттестациядан өтті.

Дуальды оқыту жүйесі бойынша қамтылғаны–100 студент,дуальды оқыту жүйесі енгізілген мамандықтар үлесі –100 пайызға жетті.Оқу жылындағы түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша 2023 жылы 54 түлек бітірді, жұмыспен қамту-75 пайыз.Колледжде 2 әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды.Колледж оқытушыларының білімін жетілдіру, тағылымдамадан өткізу және педагогтың қызметін курстан кейін қолдау мақсатында семинарлар ұйымдастырылды.

Оқу жылында Республикалық ғылыми әдістемелік журналға 5 оқытушының іс-тәжірбиесі, республикалық ғылыми әдістемелік журналға 2 оқытушының сабағы жарияланды. Аудандық «Жаңа өмір» газетіне колледж тынысы туралы 15 мақала жарияланды.Колледжде құзыреттілік орталығында «Жас маман»жобасымен жабдықталған шеберханадан қысқа мерзімді курстан әлеуметтік серіктес кәсіпорыннан 2 маман өтті.Қыркүйек –қазан айларында 11 оқытушы тағылымдаман өтті.

Колледжде тәрбие үрдісі жас ұрпақтың бойына құндылықтарды сіңіруге бағыт алып жүргізіліп келеді. «Құндылыққа толы қоңырау» жобасында «Ұлттық валюта», «Ойлан тап», «Сыр сандық» т.б үзіліс уақытында ұйымдастырылды.

2023-2024 оқу жылында колледж оқытушысы Ж.Жанбуршиев ҚР Оқу- ағарту министрінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, Маңғыстау ауданына 95 жыл мерекелік медалімен,«Үздік әскери жетекші»төсбелгісімен, Республикалық «Аманат» партиясының Алғыс хатымен 3 оқытушы, облыстық филиал Алғысымен 1 оқытушы марапатталды.

2023 жылы жетістіктер:

— «Үздік кәсіби бағдар» беруші облыстық конкурсы 2 орын

— Республикалық «Мен кәсіпкермін » онлайн өңірлік турнирінде Қызмет көрсету бағыты бойынша 2 орын , оқытушылар Н.Тәжиева, Ш.Нұрлыбекқызы;

— Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасындағы шағын футболдан облыстан 1 орын , республикадан 3 орын;

— Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында білім саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының облыстық кезеңінен арнайы пән оқытушысы Ш.Бисенбиев «Үздік маман» ;

— WS өңірлік чемпионатына 5 құзыреттілік бойынша 5 студент қатысты, 1 студент «Үздік маман » атанды;

-«Парасатты педагог» байқауында Аманиязова А «Үздік» атанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *