Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың жаңа тәсілдері әзірленді – ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау мәселесіне тоқталып өтті. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, өндіріске жаңа технологияларды интенсивті түрде енгізу білікті кадрларға сұранысты арттырып, мамандарға қойылатын талаптарды айтарлықтай өзгертті. Осыларды ескере отырып, ведомство техникалық және кәсіптік…