Заголовки

2024 жылдың 5 маусымы күні техникалық және кәсіптік

2024 жылдың 5 маусымы күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша кәсіби шеберліктің IV республикалық конкурсының облыстық кезеңі басталды.

▫️Техникалык және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты педагогтерін анықтау және колдау мақсатында өтетін конкурстың өңірлік кезеңіне 21 колледжден 167 инженер-педагог қатысып,                    «Talap» Коммерциялық емес Акционерлік қоғамы бекіткен 12 саланың 37 құзіреттілігі бойынша сынға түседі.

▫️Конкурс Ақтау, Жаңаөзен қалаларындағы және Қарақия ауданындағы арнайы әзірленген алаңдарда өткізіледі. Әр құзіреттілік бойынша қатысушы педагогтерді 120-ға жуық сарапшы бағалайды. Өңірлік кезеңде үздік атанған педагогтер республикалық кезеңге жолдама алады. Маңғыстау техникалық колледжінен қатысушы педагогтер   «Жеңіл автокөлікті жөндеу»құзыреттілігі бойынша арнайы пән оқытушысы Ш.Бисенбиев, «Слесарлық іс «бойынша , өндірістік  оқу шебері Е.Дүйсенбеков «Құрғақ құрылыс материалдары» Қ.Оңдасынұлы ,»Кескіндеме және сәндік кесікіндеме » арнайы пән оқытушысы А.Зарипов , жалпы білім пәндерінен  оқытушы А.Кемелханов .

          Қатысушы педагогтерге сәттілік тілейміз!

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/IA-6Kpc9KpM?si=LxyYcqTa930cFXaZ" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" referrerpolicy="strict-origin-when-cross-origin" allowfullscreen></iframe>

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/VC9v-B1n4hk?si=ke9eGqZBMW7oWWUf" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" referrerpolicy="strict-origin-when-cross-origin" allowfullscreen></iframe>