1992 жылы 4 маусым күні Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн бекітілді. Тәуелсіз елдің дәл осы атрибуттары мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді. Атаулы мерекеге байланысты кітапханашы Ж.Ерханова «Ел рәміздері-Тәуелсіздіктің тірегі» атты кітап көрмесін таныстырды. Мақсаты:Студенттердің аса маңызды мемлекеттік белгілер — рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
#Тәрбиебөлімі #оқуғақұштарколледж #Біртұтас_тәрбие