Заголовки

Бүгін 1курс студенттері ата-аналарының жиналысы өтті

Бүгін 1курс студенттері ата-аналарының  жиналысы өтті. Жиналыста ТЖО Б.Шанкенова «Отбасылық құндылықтар»тақырыбында ой қозғап, PISA зерттеулеріне дайындық туралы әдіскер Ж.Күзенбаев ақпарат берді.Психолог Г .Ермұханова «Педагог пен ата-аналар шиеленісінің алдын алу» бойынша тренинг өткізіп,сауалнама алды. Жиналыста аналар Б.Шопанова ,А.Әбдімұратова,Г.Көкиева оқытушыларға сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

Читать далее

Маңғыстау техникалық колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Нұрнияз 1курс студенттері арасында «Отбасы сәні -сыйластық» эссе байқауын  өткізді.

Мақсаты-отбасы құндылықтарын дәріптеу, қоғамдағы отбасының ролі көрсете отырып,адамгершілік рухта тәрбиелеу.

Читать далее

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың жаңа тәсілдері әзірленді – ҚР Оқу-ағарту министрлігі 

Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау мәселесіне тоқталып өтті. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.   Ғани Бейсембаевтың айтуынша, өндіріске жаңа технологияларды интенсивті түрде енгізу білікті кадрларға сұранысты арттырып, мамандарға қойылатын талаптарды айтарлықтай өзгертті. Осыларды ескере отырып, ведомство техникалық және кәсіптік…

Читать далее

Бүгін психолог Г.Ермұханова «Отбасы — аялы алақан мекені»тақырыбында тренинг өткізді.

Максаты:Отбасы — тіршіліктің тірегі және адамның өте маңызды, жауапты жанұясы, балалар баға жетпес байлығы екендігін дәлелдеу, пікірлесу. Тренинг  балалардың отбасынындағы қарым-қатынасының бір-біріне деген жылулығын сезініп,  өзінің тұлғалық дамуына жауапкершілпен қарауды ұғындырды. Тренингкке 1-2 курс белсенді қатысты

Читать далее

Маңғыстау техникалық колледжінде 1-курс білім алушыларына 5-9 қыркүйек аралығындағы «Отбасы күні» мерекесіне орай  аясында куратор Н Сүлеймен  «Отбасы-Отанымыздың алтын діңгегі» тақырыбында топ сағатын өткізді.

Топ сағатында  Отбасы құндылықтары туралы  ақпарат беріліп, тақырып аясында тамашаланған видеоролик талқыланды. Білім алушылар адамның жеке тұлға болып қалыптасуында қоғам мен ата-ананың маңызын түсінді.

Читать далее

Бүгін  студенттер «SAPSAN»стратегиялық орталығы директоры Ж.О.Сүлейменовпен  еркін форматта сұхбаттасты.

Жандаулет Отарбайұлы  дін саласындағы мемлекеттік ұстаным және дін мен мәдениет қатынасы төңірегінде ақпарат беріп,студенттердің сұрақтарына жауап берді.Тәрбиелік  мәні бар шарада студенттер көп мағлұмат алды

Читать далее

Ана тілің- арың бұл

06 қыркүйек күні колледжде оқытушылардың қатысуымен «Ана тілің- арың бұл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Қатысушылар тіл туралы ой- пікірлерін білдірді.#біртұтастәрбие  #оқуғақұштарколледж

Читать далее

Бүгін, 05.09.2024, «Адалдық сағаты» тақырыбында сабақ өтті.

«Адалдық сағатына  «Заңғар асу» үкіметтік емес ұйымының төрайымы А.Дүйсенбаева қатысты. Кездесуде қоғамдағы  сыбайлас жемқорлық мәселелері , заң бұзушыларға қолданылатын жазалар туралы талқыланды. Жас студенттерге құқықтық сауаттылық, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтар берілді.  Шарада студенттерге бейнеролик көрсетілді.  #біртұтас_тәрбие  #саналыұрпақ

Читать далее

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжі оқытушыларына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша семинар өтті.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде 2024-2025 оқу  жылына тәрбие жұмысы ұйымдастырылатын болады. Мақсаты: кәсіби интеллектуальды және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті азамат және патриот ретінде студентті жеке тұлға ретінде қалыптастыру,дамыту,өзін -өзі дамытуды жүзеге асыру және әлеуметтендіру үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Читать далее