Жалпы білім беретін мектептердің сынып жетекшілеріне арналған 80 сағаттық курсы өтті.
«Өркен КЕАҚ» ұйымдастыруымен “Техникалық және кәсіптік білім білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудың 23.09-03.10.2024ж педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар,педагог-ұйымдастырушылар, жалпы білім беретін мектептердің сынып жетекшілеріне арналған 80 сағаттық курсы өтті. Курсқа колледжіміздің пстхологы Ермұханова Гулмайра қатысып, тиісті сертификатқа ие болды.
«WorldSkills Aktau-2024»
Чемпионаттың 1-ші күні Бүгін 21 мамыр 2024ж. «WorldSkills Aktau -2024» кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңі басталды. Өңірлік чемпионат 2024 жылдың мамыр айының 20-24 күндері аралығында құзыреттілік орталықтарында өтеді. Чемпионатқа қатысушы студенттерімізге сәттілік тілейміз. #Маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы #WorldSkillsAktau2024 #WorldSkillsKazakhstan2024
Алғыс айту-парызым!
Алғыс айту-парызым! Бүгін Маңғыстау техникалық колледжі студенттері еңбек ардагері Т.Емзееваны Алғыс айту күнімен құттықтады.Тамара әже байланыс саласында үздіксіз 45 жыл еңбек еткен зейнеткер. Ардагер студенттерге еңбек жолы ,өміріндегі елеулі оқиғалар туралы әңгілеп, ізгі тілегін жеткізді. #Біртұтас _тәрбие #алғысайтукүні
Е-Өтініш
Ағымдағы жылдың 16-18 сәуір күні басшының ақпараттық технология жөніндегі орынбасары А. Аманиязова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдермен Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау, оларды қарау барысында ҚР ӘРПҚ-нің талаптарының сақталуы және Е-Өтініш ақпараттық жүйесіндегі жаңадан қосылған заңды және жеке тұлғалардың қанағаттанушылығын арттыру негізінде инновациялық…
9 желтоқсан- сыбайлас жемқорлықпен күрестің Халықаралық күніне орай «Заңғар Асу «үкіметтік емес ұйым өкілі М.Жебеқызы қызметкерлермен «Жемқорлықсыз жарқын болашақ»тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Бүгін 9 желтоқсан- сыбайлас жемқорлықпен күрестің Халықаралық күніне орай «Заңғар Асу «үкіметтік емес ұйым өкілі М.Жебеқызы қызметкерлермен «Жемқорлықсыз жарқын болашақ»тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік құрылымының экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасып,мемлекеттік лауазымды адамдардың парақорлығы .Осы бір қоғам дамуын тежеуші кесел туралы қатысушылар пікірлерін білдірді. Еліміздің дамуы үшін жемқорлықты жою туралы ұсыныстар айтылды.
Маңғыстау азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімі студенттерге арнайы киімдер мен жабдықтардың пайдалану әдісін көрсетті
“Қауіпсіз білім беру ұйымы” апталығының жоспарына сәйкес, Маңғыстау техникалық колледжінде Маңғыстау азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімі басшысы Ғ.Шапықов қызметкерлер мен студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нақуов Есембек арнайы киімдер мен жабдықтардың пайдалану әдісін көрсетті. Мамандар жаттығу жиынына қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Бүгін Президент су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялады
Бүгін Президент су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялады Үндеудегі басты деректерге тоқтала кетсек: — Аталмыш су тасқыны – көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат; — Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды; — Премьер-Министрдің өзі,…
Полиция тобының инспекторымен кездесу
Бүгін Маңғыстау техникалық колледжі студенттерімен Маңғыстау аудандық прокуратурасының прокуроры С.Қ. Жұбатыров және кәмелетке толмағандар жөніндегі ювенальды полиция тобының инспекторы Ғ.Айжановамен кездесу өтті. Мақсат-құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлықтың зияны , жаман әдеттерден сақтандыру . Еркін сұхбат барысында көше тәртібі, сондай-ақ, зиянды заттар, нашақорлықтың зияны туралы кеңінен түсінік берілді. Жасөспірімдер арасында вейпинг деп аталатын жаңа ағым пайда…